АймақБалқаш

Мысты шаһардағы мұрал

Балқаш қаласы әкімдігінің бастамасымен көпқабатты үйлердің қасбетіне сурет салу (мурал) жұмыстары басталды. Әр үйге 1 миллион 650 мың теңге қаржы бөлініп, 10 үйдің сыртына мурал салуды жоспарлапты. Аталмыш істі қолға алған елордалық «КаскадСтрой-01» компаниясы бүгінде 3 үйдің сызбасын аяқтаған.

Жидебай батыр көшесіндегі №3 үйдің қабырғасынан саятшылық, ат міну мәдениеті негізінде салған туындыны көруге болады. Батырдың қару асынып, бүркіт ұстаған ат үстіндегі бейнесі ашық түстермен боялған. Қазақылықтың исі аңқиды. Қарсы тұрған №1 үйдің қасбетіне күңгірт түстермен Бектау ата тауын бейнелепті. Ұясына сарғайып батқан күн сәулесіне оранған киелі тауларға құдды бір жан біткендей. Көздің жауын алады.

Бұл туындылардың авторы – суретші, дизайнер Абылайхан Аманжол. Ол Қазақстанның ең жас суретшісі атағын иеленген. Алдағы уақытта қылқалам шеберінің туындыларын қаланың әр аумағындағы үйден кездестіре аламыз.

– Әу баста сурет мазмұны тарихи оқиғаларға байланысты бейнеленеді деп жоспарлап едік. Қазір әкімдіктің ұйғарымымен өзгертілді. Салатын дүниемізді түнгі уақытта проектрмен өлшеп, жобасын сызамыз. Күн көтерілісімен қызу жұмыс басталады. Сурет күрделілігіне байланысты бір үйді аяқтауға толық бір жеті уақыт кетеді. Ендігі кезекте Абай атамыздың бейнесін салмақшымыз, – деді компания директоры Мұстафа Ерболат.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button