Жаңалықтар

15-ші мамырдан бастап жеке кәсіп ашу үшін гранттарға өтінімдерді қабылдау басталады

15 мамырдан 26 мамырға дейін Business.enbek.kz порталында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға екінші лек бойынша өтінімдер қабылдау басталады.

Қарағанды қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы грант алу шарттарын еске салады.

Тіркелген жұмыссыздар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер (тіркеу мерзімі үш жылға дейін) үміткер бола алады.

Әлеуметтік категориялардың біріне сілтеме жасау керек:

– көп балалылар – көп балалы ретінде жәрдемақы алушылар (жұбайы, зайыбы);

– қоныс аударушылар және олардың еңбекке қабілетті отбасы мүшелері;

– мүгедектігі бар баланы тәрбиелеуші ретінде жәрдемақы алушылар (жұбайы, зайыбы) ;

– аз қамтылғандар – атаулы әлеуметтік көмек алушылар және олардың отбасы мүшелері;

– асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік жәрдемақы алушылар;

– “қандас” мәртебесі бар тұлғалар;

– мүгедектігі бар адамдар.

Үміткердің “Бастау Бизнес” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы сертификаты болуы және мәртебесін тексеру кезінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөніндегі белсенді іс-шараларға (оңтүстіктен солтүстікке өз еркімен қоныс аударуға қатысушылардан басқа) қатыспауы тиіс.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button