ЖаңалықтарШет

Шетте «Шаңырақ» орталығы

Шет ауданының Ақсу-Аюлы ауылында «Шаңырақ» көпбалалы отбасыларды қолдау орталығының филиалы жұмысын бастады.

– Көп балалы отбасыларға жан-жақты көмек көрсету – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Осындай орталықтың біздің ауданда ашылғанына қуаныштымыз. Аналар кәсіпкерлігін қолдауға дайынбыз, – деді аудан әкімі Мұхит Мұхтаров «Шаңырақ» филиалының ашылуында.

Орталықта әйелдердің кәсіпкерлік бастамалары қолдау табады. Сондай-ақ, қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы алуға көмектеседі. Оларға тұрғын үйге кезекке тұру, бизнес бастау, грант ұтып алу және тағы да басқа сұрақтар талқыланып, түсінік беріледі.

Орталықта тегін құқықтық және психологиялық кеңес қызметі жұмыс істейді. Спорттық жарыстар мен шығармашылық байқаулар ұйымдастырылады. Жаңа мамандықтарға оқыту курстарын өткізеді. Қайырымдылық көмек көрсетеді. Ал, орталықтың ашылуына келген 20 көпбалалы отбасыға азық-түлік себеті табысталды.

Жеті баланың анасы Үмітжан Тілеубекқызы «Шаңыраққа» зор үміт артатын айтады.

– Біз аналар проблемасын шешу үшін мемлекеттен жүйелі қолдау алғымыз келеді, – дейді Үмітжан Тілеубекқызы. Орталықты аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік тапсырысы бойынша «Talbesyk» көп балалы аналар Одағы” қоғамдық бірлестігі ашты.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button