АймақТеміртау

Қысқы бақ құлпырып тұр

Теміртаудағы қысқы баққа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстар «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде атқарылып отыр.

Оранжерея біраз уақыттан бері жөндеуді қажет етіп тұрған-ды. Бұл туралы бақ қызметкерлері де айтып берді.

– Ауқымды жұмыс атқарылды. Ғимараттың терезелері ауыстырылып, шатыры жөнделді. Суару жүйесі жаңартылды. Бұған дейін өсімдіктерге суды қолмен бүркуге тура келетін. Енді жұмыстың барлығы анағұрлым жеңілдеді. Климат бақылау жүйесі пайда болды, кондиционерлер орнатылды, – дейді агроном Ботагөз Тәшенова.

Маманның айтуынша, өсімдіктер жөндеу жұмыстарын жүргізу кезеңінен жақсы өттті. Жер қабатын ауыстыруды дұрыс қабылдады. Қазір жаңартылған бақта қытай раушандары, олеандр гүлдеуде.

Теміртауда қысқы бақ 1993 жылы 16 қаңтарда ашылды. Жылыжайдың ауданы 2 мың шаршы метрден асады. Арка түріндегі биік ғимарат шығыс стилінде салынған. Төменгі жағы витраждармен жабылған.

Қысқы бақта отаны тропикалық, субтропикалық және әлемнің шөлді аймақтары болып табылатын көптеген ерекше өсімдіктердің 120-дан астам түрі жиналған.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button