АймақШет

Онлайн өткен ой додасы

Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне орай Шет ауданында онлайн дойбы жарысы өтті.

Елімізде жарияланған төтенше жағдай табалдырығымыздан аттап, төрімізге озғалы тұрған мереке атаулыны атап өтуге кедергі келтірмейді. Өйткені, қазір ақпараттық технология қарыштап дамыған заман. Әркім өз шаңырағында отырып-ақ, ел көлемінде ұйымдастырылып жатқан онлайн шараларды тамашалап, қатыса алады. Елорданың туған күніне орай Шет аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен онлайн дойбы додасы сөзіміздің айқын дәлелі. Ойыншылар смартфондағы «дойбы» мобильді қосымшасын пайдалану арқылы жарысқа қатысты. Турнирде жалпы 20 ойыншы бақ сынады. Үш күнге ұласқан жарыс нәтижесі бойынша Ақсу-Аюлы ауылының тұрғыны Берікбол Амангелдин І-орынды иеленді. ІІ-орын Аманбол Амангелдиннің (Ақсу-Аюлы ауылы) еншісіне тисе, ағадырлық Азамат Қасымов үздік үштікті түйіндеді.

«Біз біргеміз», «Біз үйдеміз» челлендждерін қолдаған ойыншылар осылайша үйлерінен қарыс қадам аттамай-ақ, аудандық турнирдің көрігін қыздырды. 

Думан ҚАБЫЛ.

ШЕТ ауданы.

Басқа материалдар

Back to top button