Балқаштың ветеринарлық станциясы баспанасыз жануарларға иесін тауып беруге көмектесуде

Балқаштық ветеринарлар әлеуметтік желілер арқылы баспанасыз жануарлардың иелерін іздеуде. Өздерінің Instagram парақшасында ветстанция қызметкерлері «Үйге жол» айдарын ашып, баспана қажет төрт аяқтылардың суретін жариялайды.

Балқаштың уақытша ұстау бекетіне бірнеше екі айлық күшіктерді жергілікті балалар әкеліп берді. Барлық күшіктердің дендері сау, егілген және олар ветеринардың қарауында орналасқан.

— Бұл күшіктерді сірә, қаңғыбас ит туған. Біз толығымен тексеріп, ектік. Жуыр уақытта олар өз иелерін табады деген үміттеміз, — дейді Балқаш ветеринар станциясы басшысының м.а. Ардак Аманкулов.

Жануарлар үйінің жаңа тұрғынын тексергеннен және еккеннен кейін фотосессия күтеді. Жануарлардың суреттерін ветеринар станциясының қызметкерлері өздерінің @balkhash_vet_stansya парақшасында «Үйге жол» айдарына салады. Бір ай ішінде төрт жоғалған ит үйіне оралды – иелері олардың суретін лентадан көрген. Тағы екі – хаски мен тазы – жаңа «ата-аналарын» тапты.

Еске сала кетсек, Балқаш ветстанциясы – төрт аяқтыларға арналған уақытша баспана. Қағида бойынша баспанасыз жануарлар онда жеті күн бола алады. Одан кейін қазіргі уақытта жануарлармен толып тұрған «ЧиП» ҚБ үйіне беріледі.