АймақШет

Қайрақты ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қарағанды облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы іске асырылуда. Жоба аясында ауылдық жерлерде 92 жаңа амбулаториялық көмек нысандарын салу жоспары бар.

Суреттер: Шет ауданының әкімдігі

Осы бағдарлама аясында салынған алғашқы фельдшерлік-акушерлік пункті Шет ауданы Қайрақты ауылында ашылды.
Қайрақты ауылында 852 адам тұрады. Бұрын фельдшерлік-акушерлік пункт ауыл әкімдігінің ғимаратында орналасқан, оның құрамында тек 3 кабинет болған.


Жаңадан ашылдан фельдшерлік ғимаратында фельдшер кабинеті, фойе, емдеу бөлмесі, ақпараттандыру кабинеті, қақырықты жинау кабинеті, химизатор кабинеті, акушер кабинеті, қарау бөлмесі, егу кабинеті, шаруашылық тұрмыстық бөлме, су өлшегіш торап, электр қалқаны бар.


Нысанның бір ерекшелігі – электрлік жылыту жүйесіне қосылған. Жылу көзі инновациялық жабдық – қазақстандық өндірістің патенттелген жүйесі арқылы жасалған паракапельді радиаторлар болып табылады. Бұл көмір сатып алуға және от жағушыларға уақыт пен қаражат жұмсамауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ резервтік электрмен жабдықтау қарастырылған.

Сондай-ақ, ғимарат медициналық нысандарды минималды жабдықтау талаптарына сәйкес амбулаториялық көмекке қажетті медициналық техникамен толық жабдықталған.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button