Жаңалықтар

101 жасқа келген майдангерге құрмет көрсетілді

Өкінішке қарай, уақыт озған сайын кешегі күндей күркіреп өткен соғыстың көзі тірі куәгерлері азайып-ақ келеді. Сұңғат Сәттіғұлов – Ұлы Отан соғысының ардагері. 1 қаңтарда дүниеге келген ақсақалды туған күнімен облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің мамандары арнайы құттықтай келді.

Сурет: автордан

Сұңғат Сәттіғұлов 1923 жылы 1 қаңтарда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1934 жылы ата-анасымен Қарағанды ​​облысына қоныс аударады. 1941-жылы желтоқсанда Алматы әскери жаяу әскер училищесіне жіберілді. 18 жасында майданға шақырылған. 1942-жылдың маусым айынан бастап Сталинград шайқасына қатысады.

1943-жылы жараланып, госпитальда емделгеннен кейін 1944-жылы майданға оралады. 1947-жылы Алматы облысындағы Шамалған құрылыс техникумында білім алады. Техникумды бітіргеннен кейін ауылдық құрылыста бригадир болып жұмыс істеген, ардагер Солтүстік Қазақстан облысындағы өнеркәсіп нысандарының құрылысында жұмыс атқарады.

1956 жылы Сұңғат Смағұлұлы Қарағанды қаласына қоныс аударады. Мемлекеттік наградалармен, оның ішінде екінші дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Сталинградты қорғағаны үшін» медальдарымен марапатталған. Ұлы Отан соғысы жылдарында ерен еңбек үлгісін көрсеткен құрметті ардагер сынды майдангерге құттықтау хат тапсырылып, сый-сияпат көрсетті.

«Соғыс жылдарында жан қиарлық ерлік көрсетті, қасиетті қазынамыз», – деді облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы.

Құрметке бөленген соғыс ардагері әскери қызметкерлерге ризашылықтарын айтып, ынтымағы жарасқан елдің алар асуы мол екендігіне сенім білдірді.

Айдын ТОНТАЙТЕГІ,
Қарағанды гарнизонының баспасөз қызметкері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button