Жаңалықтар

100 сауалға жауап

11. Балалар неше жасқа дейін ММС жүйесіне төленетін жарналардан босатылады?

18 жасқа дейінгі балалар, жоғарғы оқу орнының студенттері және оқу аяқталғанға дейін техникалық және кәсіби білімнің күндізгі оқудағы оқушылар Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының жарналарынан босатылған.

12. МӘМ сақтандыруда санаторийлік-курорттық ем алу қарастырылған ба?

Жоқ, санаторийлік-курорттық ем көзделмеген. Бірақ, әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде, сақтандыру қаражаты есебінен бірқатар аурулар (инсульт, инфаркт, онкология, трансплантология) бойынша оңалту көмегін кеңейту болжануда.

13. Қазақстанның медициналық сақтандыру қорымен аумақтық белгісі бойынша шарт жасаған медициналық ұйымдар туралы қайдан білуге болады?

Медициналық сақтандыру қорының ресми сайтында Қормен келісім-шарт жасаған медициналық ұйымдардың тізбесі орналастырылатын болады, қордың ақпараттық қызметтерінде де ақпарат алуға болады.

14. МӘСҚ-мен шартқа отырмаған коммерциялық клиникалардың дәрігері жазып берген дәрілік заттарға жұмсалған шығыстарды МӘСҚ өтей алады ма?

Коммерциялық клиникалардың дәрігері жазып берген дәрілік заттарды міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы Қор мен клиника арасында шарт жасалған жағдайда ғана өтеледі.

15. Емханаларда ұйымдастырушылық техника жетіспейді, ал қолданыста бары ескірген, сондықтан, анализге рецептті немесе жолдаманы 40 минуттай тосуға тура келеді (осындай жағдай 6 емханада бар). Оған қоса қабылдау кестесі сақталмайды. Сонымен қатар, медициналық персонал екі есептілікті жүргізуге мәжбүр – қағаз және электрондық. Нәтижесінде, арнаулы мамандарға жолдама алу үшін алдымен терапевт кабинетінің жанында жарты күн тұру керек, одан кейін УДЗ немесе басқа да тексерулерге жолдама алу үшін тағы 2-3 апта күту керек. Осындай жағдайларда, ақылы дәрігерге қаражаты жоқ науқастар алтын уақыттарын жоғалтады, ауру келесі кезеңге көшеді. Бұл проблема медициналық сақтандыруға көшкен кезде шешіледі ме? Қалай шешіледі?

Біріншіден, әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жағдайында, медициналық қызметтерді көрсетуге арналған конкурсқа жұмыскерлерінің саны, техникалық жарақтандырылуы және медициналық көмек ұйымының құрылымы белгіленген минималды талаптарға (стандарттарға) сәйкес келетін медициналық ұйымдар ғана қатыса алады.

Екіншіден, конкурста тек сапалы медициналық қызмет көрсеткендер ғана жеңе алады.

Ал ауылдық денсаулық сақтауға қатысты болса, онда оларға жалғыз қызметтерді көрсетушілер ретінде, Міндетті сақтандыру қоры ұсынылатын медициналық көмектің сапасын жыл сайын арттыру туралы талаптарын қояды.

Үшіншіден, 2018 жылдан бастап ауруханалар мен емханаларда техникалық қайта жабдықтау мүмкіндігі пайда болады, өйткені осы жылдан бастап Қор амортизациялық аударымдарға қаражат бөледі.

Төртіншіден, қолданыстағы ақпараттық жүйе бүгінгі таңда қабылдауға E-GOV, медициналық ұйымдардың өз порталдары арқылы жазылуға мүмкіндік береді. Әлеуметтік сақтандыру енгізу сәтіне қарай барлық ұйымдардың әлеуметтік сақтандыру қорының ақпараттық технологиялар жүйелеріне рұқсаты болуға тиіс.

16. Медициналық сақтандыру дәрігер жазып берген дәрілерге жұмсалған шығынның орнын толтырады ма және қандай аурулар 100%-дық өтеледі?

Мемлекет қазіргі кезде халыққа ұсынылатын тегін дәрілік заттардың тізімін анықтады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру пакеті шеңберінде осы тізбе сақталып қана қоймайды, сондай-ақ, оның бірқатар позициялары кеңейтіледі және жақсартылады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button