Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап студенттер қанша шәкіртақы алады?

Ғылым және жоғары білім министрлігі әзірлеген мемлекеттік стипендияларды тағайындау жөніндегі Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап бірқатар студенттердің стипендиясы артуы мүмкін.

– педагогикалық бағыттарда және «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім алатын студенттерді қоспағанда, студенттерге – 41 898 теңге;

– педагогикалық бағыттарда білім алатын студенттерге – 67 200 теңге;

– «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім алатын студенттерге – 67 200 теңге;

– интерндерге – 75 890 теңге;

– магистранттарға – 97 024 теңге;

– «Назарбаев университеті» дербес білім беру ұйымында білім алатын магистранттарға – 181 250 теңге);

– докторанттарға – 217 500 теңге;

– «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша докторанттарға – 217 500 теңге;

– «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша резидент-дәрігерлерге және магистранттарға – 111 579 теңге;

– техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмысшы біліктіліктері бойынша оқитын студенттерге – 32 681 теңге;

– техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім алатын студенттерге – 31 422 теңге.

Қаулы жобасы 12 маусымға дейін көпшілік талқылауына ұсынылады.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button