Пікірлер

Аманатқа адалдық

Тұлға Абайдың қадір-қасиетін жас бала Нұрсұлтанның сезінуі оның отбасының тектілігі мен тәрбиесінің мықтылығы деп санаймыз. Сонымен қатар, жас баланың Абайдың рухани мұрасынан нәр алып, еңбектің қадірін біліп өсуі бүгінгі жастар үшін танымдық тәрбиелік мәні бар өмір мектебі емес пе? Ел басқару биігіне дейін көтерілу тек тарихтан сабақ ала білетін көреген жандардың қолынан ғана келетінін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.

Абайдың 150 жылдығында Елбасының оның мұрасын сақтау жолында атқарған тарихи ұлы істерінің бүгінгі күнге жалғасып жатқандығы Н.Назарбаев Тұлғалар тағылымына ерекше назар аударатындығын көрсетеді.

Абай аманатына адал Елбасы қоғам өміріндегі адамгершілік, моральдық, әділдік, бірлік, достық, еңбексүйгіштік, талаптық, адалдық мәселелерін бүгінгі ұрпаққа өмір сүрудің негізгі тұжырымы ретінде ұсынып келеді. Осының бәрі уақыт озған сайын қоғамдық ой-санаға, рухани жаңғыруға мол әсер ететін, үнемі дамып отыратын рухани қазына.

«Тарихтың қойнауына кеткен Абай заманының кертартпа қылықтарының зардаптарын көрмеу үшін надандықтан құтылып, оқу-білімге, ерінбей еңбек етуге, жақсы адам болуға ұмтылу, Абай мұрасына адалдықты көрсетеді. Абай айтқандай, халқымыз үшін «бес нәрседен қашық, бес нәрсеге асық болып – өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек бекер мал шашпақ, дұшпандықтан қашып, талап, еңбек, терең ой, қанағат рақым ойлауымыз» керек. Өйткені, Абай сөзі өткен заманның айнасы болса, сол айнаға қарап біз жақсылыққа жаны құштар, рухы жоғары, толық адам болуымыз қажет» деген Елбасының мақаласының танымдық, тәрбиелік мәні зор.

Нұрсахан БЕЙСЕНБЕКОВА,

«Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры,

тарих ғылымдарының кандидаты.

Басқа материалдар

Back to top button