Көрме

Қарағандылықтарды белорус өндірушілерінің бірінші виртуалды көрмесіне шақырады

«Made in Belarus – Agro Food 2020» белорус өндірушілерінің бірінші виртуалды көрмесі 16 маусымда ашылады. Оған 30-дан астам кәсіпорындар мен ұйымдар қатысады. Көрмеде ауыл шаруашылық техникасы мен жабдықтары, тыңайтқыштар мен жем-шөп, азық-түлік және басқа да өнімдер ұсынылады.

Көрме интерактивті экспозиция ретінде ұсынылмақ. Виртуалды стендтерде өнім үлгілері, бейнероликтер, іскерлік ұсыныстар орналастырылады. Келушілерді жеке бейне сәлемдесу қарсы алады, содан соң олар мәтіндік чаттағы кәсіпорын өкілімен сөйлесе алады.
Беларусь Республикасының Ғылым және технологиялар жөніндегі мемлекеттік комитеті ауыл шаруашылық және азық-түлік саласындағы ғалымдардың әзірлемелерін ұсынады.

Сондай-ақ, инновациялық технологиялармен және өндірістің жаңалықтарымен танысуға мүмкіндік туады.
Минск сүт зауыты келушілерді бірегей өнімдермен таң қалдырмақ. Мысалы, сепарациялау әдісімен сүзбеден жасалған коктейль, ультрасүзілу технологиясы бойынша әзірленген сүзбе десерті.

Гродненский ет комбинаты ұсынған жаңа өнімдердің арасында қара өрік және хамон қосылған сиыр шұжығы бар.
Виртуалды көрмеге Беларусь кондитерлік фабрикалары да қатысады. Олар «суық штамп» құюдың инновациялық әдісімен дайындалған шоколад өнімдерін, диабеттік шоколад және басқа да өнімдерді көрсетеді.
Көрме аясында халықаралық аграрлық онлайн-форум өткізу жоспарлануда. Ауыл шаруашылығы мен сыртқы саудадағы жағдайды талқылау ұсынылады.

Көрмеге қатысу тегін (міндетті түрде тіркеумен). Тіркеу 1 маусымнан бастап келесі электрондық мекен-жай бойынша ашылды: https://www.belinterexpo.by/exhibition/virtual/.
Интерактивті платформа 16 маусымда жұмысын бастайды. Мәтіндік чат 16-18 маусым аралығында жұмыс істейді. Платформа кіру режимінде 19 шілдеге дейін қолжетімді болады.
Көрме туралы толығырақ ұйымдастырушының сайтынан білуге болады http://www.belinterexpo.by/.

Қарағанды облысының Сауда Палатасы

Басқа материалдар

Back to top button