Мерейді өсірген шешім

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында бұқараның әлеуметтік мәселелерін назардан тыс қалдырған жоқ. Дәрігерлердің, құқық қорғау қызметкерлерінің, мұғалімдердің жағдайын жақсартуға мемлекет жыл сайын басымдық беріп келеді. Президент Жолдауында ұстаздар қауымының еңбегі елеусіз қалмады. Қасым-Жомарт Кемелұлы мұғалімдердің жалақысы алдағы жылдың қаңтарынан артатындығы туралы айтты.

«Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдадым. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 трлн теңге бөлінеді» деді Мемлекет басшысы. Бұл болса, ұлт болашағына жауапты ұстаздар қауымының мерейін тасытып, мәртебесін асыратын шешім деп қабылдаймыз.

Қуанышкүл БАЗЫЛОВА,

қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Шет ауданы.