АймақПікірлерПриозерск

Білікті маман – ел мерейі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын тыңдай отырып, қоғамдағы қазір шешілуі тиісті мәселелерді қозғағаны қуантты. Оның ішінде әлеуметтік-экономикалық салалардың барлығын қамти отырып, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударды.

Бұдан бөлек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі мемлекеттік қызметкерлер санын алдағы бес жылда 25% – ға қысқарту керектігіне тоқталды.
Расымен де, мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялардағы жұмысшылардың санын қысқарту арқылы олардың жалақысын көтеруге болады. Қысқартудың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметкерлердің жұмысын тиімді ету, сапалы, білімі жоғары қызметшілерді даярлау. Сондықтан, Президент өз Жолдауында тиімсіз кадрларды қысқартып, одан үнемделген қаржыны пайдалы қызметкерлерді материалдық тұрғыдан ынталандыруға бағыттау керектігін тілге тиек етті. Мемлекеттік қызметшілердің тиімділігін көтеруде, ең бірінші мәселе – халықпен жұмыс істей алатын мықты маман атануы. Себебі, кез келген мемлекеттік қызметші халықтың өкілімен сөйлесе алмаса, көңілінен шықпайтын болса, ондай мемқызметшіден келешекте білікті басшы шығуы мүмкін емес.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл бастамаларын қолдап, біз елдік жолында ерінбей адал еңбек ететін мамандарды жасақтауға тиістіміз. Білікті басшы, адал, халықшыл мамандар елдің жарқын болашағына темірқазық болары сөзсіз.

Әлібай БӘКЕЕВ, 

қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы.

ПРИОЗЕРСК қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button