ЖаңалықтарРуханият

Қарағандылықтарды “Күмбірле, күй-домбыра” онлайн-байқауына қатысуға шақырады

Қарағанды облысының жастары “Күмбірле, күй-домбыра” онлайн-байқауына қатысуға шақырады. Күй орындаушылар арасындағы байқауға 14-29 жас аралығындағы музыканттар қатыса алады.

 

Қатысу шарттары:

1. Үміткерлер домбырада күй ойнап, бейне жазып, оны Instagram-ға орналастыруы тиіс.

2. Instagram-ға орналастыру кезінде “Күмбірле, күй-домбыра” онлайн-байқауына қатысушы үміткер @saryarqa_jastary парақшасын белгілеп, туындының атауын және автордың есімін жазу керек.

Бейне 4 шілде күні 12.00-ге дейін жариялануы тиіс.

Байқау жеңімпаздары домбыра күні – 5 шілдеде @saryarqa_jastary парақшасында жарияланады.

Онлайн-байқауға қатысушылар бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталады.

Анықтама телефондары: 8-708-915-92-90, 8-701-667-48-88.

Басқа материалдар

Back to top button