Жібек

Қытай халқы тұт ағашының жапырағында құрт өсіру арқылы жібек өндіруді бұдан төрт мың жыл бұрын ойлап тапты деген дерек бар. Және бұл технологияны құпия сақтаған. Орта ғасырларда жібекке сұраныс жоғары болды. Тиісінше, Қытай жібекті өндіруші жалғыз ел ретінде мол пайдаға кенелді.

Шығыс пен батысты жалғаған жалғыз жол да осы жібек матасының атын иеленді. Небір ірі қалаларды басып өтіп, өркениеттер арасын жалғаған «Ұлы Жібек жолының» мемлекеттер дамуына айтарлықтай үлес қосқаны даусыз. Бүгінгі таңда да бұл жолдың маңызы жоғалған емес.

Маржан терген Жәлел ШАЛҚАР.