Бас тақырыпЖаңалықтар

Жер заңнамасының сақталуын тексерді

Қарағанды облысының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, Елбасының пайдаланылмайтын жерлерді мемлекет меншігіне қайтару туралы тапсырмасына сәйкес, жер заңнамасының сақталуын тексерді.

Тексеру барысында жалпы алаңы 1,3 млн. гектардан астам 2,6 мыңға жуық пайдаланылмайтын жер мен 62 мыңнан астам тіркелмеген жер учаскелері анықталды. Аймақтағы 31 мыңға жуық учаскелерде құқық меншігі заңды түрде тіркелмеген жылжымайтын мүлік объектілері пайдаланылады.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жалпы алаңы 840 мың гектар құрайтын 1,5 мың жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылып, оларды игеру жұмыстары жүргізілуде. 1,5 мың учаскелердің және 800-ден астам жылжымайтын мүлік объектілерінің құжаттары тиісті түрде рәсімделіп, құқық меншігі тіркелді. 429 тұлғаға айқындалған құқық бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымдар табысталды.

Сонымен қатар, облыс прокуратурасының бастамасы бойынша, игерілмей жатқан жер учаскелерін айқындап, мемлекетке қайтару мақсатында мониторинг жүргізетін жұмыс топтары құрылды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button