Жаңалықтар

Жемқорлық жүгенделмей – даму жоқ

Биыл Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Қазақстан халқына арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында жаңа заманға бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін анықтайтын стратегиялық маңызды мәселелерді айқындап, жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін қажетті он негізгі міндетті белгілеп берді.

Солардың ішіндегі тоғызыншы міндет – жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі болып табылады. Елбасымыз атап көрсеткендей, жемқорлықтың ал­дын алуға бағытталған күрес жалғаса береді.
Сыбайлас жемқорлықтың мем­лекеттің бәсекеге қабілеттілігін төмендететіні, қоғамда де­мократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы адам­дардың қо­ғамның демократиялық негізіне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.
Жасыратыны жоқ, сыбайлас жем­қорлықпен күрес бүгінде елімізде мем­лекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге айналды. Өкінішке орай, жең ұшынан жалғасын табатын, көз қысты, бармақ басты әдет әлі де болса қалмай келеді. Бұл дерт еліміздің дамуына, экономиканың өркендеп өсуіне өрескел кедергі келтіретіні дау­сыз.
Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізіліп, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасалып жатыр. Президент биылғы Жолдауында жемқорлықты жою жұмысын күшейту қажеттілігіне байланысты нақты жұмыстарды атап көрсетті.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес бүкіл қоғамның белсене атсалысуы­на байланысты күшеймек. Әлеуметтік желінің, өзге де медиа-ресур­стардың дамуы жағдайында, сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-әрекет толыққанды насихатталып, халыққа тиісті ақпарат молынан таратылуы тиіс.
Қазақстан – болашағына сенімді қарап, қарқынды дамып келе жатқан мемлекет. Халық қызметкерлері ретінде біздің алдымызда әлі талай үлкен міндеттер тұр. Ел болып талай сын кезеңдерден барлығымыз бірге өтіп, сапалы нәтижеге қол жеткізуіміз қажет.

Дәметкен ЖИЕНБАЕВА,
Батық ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button