Желмен жарысқан Усейн

Желмен жарысқан желаяқ Усейн БОЛТТЫҢ талантына таңданбасқа шара жоқ. Даңқты жамайкалық жеңіл атлет өзінің мықтылығын тағы бір мәрте Риода дәлелдеді.

Усейн 100 метр қашықтықта қатарынан үш Олимпиада ойындарында чемпион атанған жаһандағы жалғыз адам. Төрткүл дүние оның жылдамдығының алдында бас июде. Бұған дейін әлем және Олимпиада рекордын орнатып тастаған Усейн, тіпті, жүгіріп келе жатып, суретке де түсуге машықтанып алған.

14 тамыз күні кезекті алтынын алуға жүгіріп бара жатқан желаяқ мәреге жетер сәтте аздап аялдап, суретке түсіпті. Бүгінде отыз екі тісін көрсете ыржиған жігіттің фотосын күллі әлем жұртшылығы сүйсіне тамашалауда.

Фото авторы – аустралиялық фотограф Кэмерон Спенсер. Осы сәтті бір фотосының арқасында ол да әлемдік БАҚ жұлдыздарының біріне айналды.

Нұрқанат ҚАНАФИН

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.