Жеңіс Қасымбек Жезқазғандағы су мәселесін шешуді тапсырды

Аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек Жезқазған қаласындағы  су мәселесін тез арада шешуді тапсырды. Қала тұрғындары «Үйтас-Айдос» құбырындағы апаттан кейін сусыз қалған болатын. 

«Қала тұрғындарының бірнеше күн сусыз қалуы — келеңсіз жағдай. Біз жылыту маусымына дайындық туралы айтамыз. Егер сіздер ыстық су бере алмасаңыздар, қандай дайындық туралы сөз қозғамақсыздар? Ол аздай, суық су мәселесі де өткір болып тұр. Бұл мәселені шешу үшін жұмыс істеңіздер», — деді Жеңіс Қасымбек.

Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Бегімов түнде су таратқыштағы ақау жойылғанын және қазіргі уақытта құбырды іске қосу жұмыстары жүргізіліп жатқанын баяндады.

Облыс әкімі апатты тез арада жоюды тапсырды.