Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. 

«Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметінен босатылсын», — делінген Президент Жарлығында. 

Облыстық мәслихат депутаттары ұсынылған кандидатураны бірауыздан мақұлдады. Жаңа әкімді облыс активіне Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин таныстырды. 

— Депутаттармен келіскеннен кейін Жеңіс Қасымбек Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды. Оның орталық деңгейде де, өңірлік деңгейде де тәжірибесі зор. Енді ол осы машықтарын Қарағанды облысын дамыту үшін пайдаланады, — деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы сонымен қатар, Ерлан Қошановқа жемісті жұмысы үшін алғысын білдірді.