Жас офицерлер жиыны

«Астана» өңірлік қолбасшылығы 46298 әскери бөлімі базасында әскери оқу орындарының түлектері – жас лейтенанттар және биылғы жылы әскери қызметі аяқталатын офицерлермен оқу-әдістемелік жиынын өткізуде.

Жиынның мақсаты – жас офицерлерді жаңа лауазымға кірісер сәтте қызмет бабындағы қажетті алғышарттарды меңгеруге бағыттау, жеке құраммен оқу-жаттығу үдерісін сапалы ұйымдастыруға және тәрбие жұмыстары мен әлеуметтік-құқықтық шараларды талап деңгейінде жүргізуге қалыптастыру.

Бүгінгі күннен бастап, сіздердің иықтарыңызда республика аумағында тұратын барша тұрғындардың алдындағы айтарлықтай салмақты жауап­кершілік жүгі бар. Бұдан тысқары, алғашқы кезекте, мем­лекет алдындағы орасан жауап­кершілік сезімін қоса қарастыру шарт. Сіздер үшін туған ел мен жерді одан әрі дамыту, іргетасын нығайту және қорғау – қастерлі парыз. Сондықтан, қай кезде, қандай жағдайда болса да, басқаларға үлгі көрсетуге талпыну, одан тиімді нәтиже шығару – міндет, – деді жиынның басталар сәтіндегі өзінің кіріспе сөзінде «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлері жиынының бастығы, полковник Ермиян Бятов. Ол сонымен қатар, лейтенант шенін енді ғана иеленген жас әріптестерін офицерлік қызметке кірісумен құттықтап, жоғары әскери оқу орынында алған білімдерін тәжірибеде нығайта түсулеріне тілек қосты.

Өз тілшімізден.

Суретті түсірген Д.ҚҰРМАНҒАЛИЕВ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.