Жан жылуы 

Аңғал-саңғал вагондарда тиелген қоныс аударушылар азаппен өткізілген бір айдан соң Қызылорда ауданының Жосалы станциясына келді. Кең далаға тарыдай шашылған басқа да шешен отбасыларымен бірге Дауд пен Рабиат Махмудовтар жертөле қазып паналап, қайткенде де аман қалуға тырысты. Қандай қайғы болса да балаларды, 9 жасар Саидаминді және кішкене ғана Тамараны аман сақтап қалу керек еді. Қазақстанның қақаған аязы мен ызғарлы қысына төтеп бере алмай, Махмудовтардың әкесі мен анасы қайтыс болды. Саидамин мен Тамара жетім қалды. Олар да соғыстан кейінгі жылдары көптеген балалар сияқты қорғансыз күйге түсті. Бірақ, олардың тағдыры басқаша өрбіді. 

Бір күні таңертеңгілік балалар тұрып жатқан үйге самайын ақ шалған тәпелдеу бойлы қазақ келді. Саидаминді көргенде ол: «Жүр, менімен бірге тұр. Менің жалғыз ұлым соғыста хабарошарсыз жоғалып кетті, мүмкін сен оның орнын басарсың. Қарсы болмасаң, мен сені сол ұлымның атымен Абылай деп атайын. Менің атым – Арутдин, тегім – Кулимов» деді. Сөйтіп, Саидамин Махмудов жаңа отбасына келді. Олар жұпыны өмір сүргенімен, шағын ғана баспанада әкесі мен анасы, әпкесімен татутәтті ғұмыр кешті… Ұжымшардың төрағасы қызметін атқарған әкесіне барлығы – үйдегілер де және ауылдықтар да бір ауыз сөзін екі етпей бағынып отырды. Ал, ол барлығы өзінің асырап алған ұлына құрметпен қарауларын талап етті. Әйелі Зияшкүлге: «Сен ұлыңды құдықтан су алып келуге жұмсама. Шешендерде бұл әйелдердің атқаратын жұмысы болып саналады. Ағаш жарсын, жылқыларды күтсін. Ол біздің әдет-ғұрыптарымызды барлық жағынан құрметтейді, біз де оның туған жерінің әдет-ғұрпын құрметтеуіміз керек» – деп үйретіп отырды.

Жеті жыл жеті күн сияқты зыр етіп өте шықты. Бір күні таңертеңгілік соғыстан оралған қызыл армия офицері ауылдарды, теміржол бекеттерін аралап, аман қалған туыстарын іздеп жүр деген сөз тарады. Ол өткен бес-алты жыл уақыт аралығында Саидаминнен басқа туысқандарының барлығын тапқанын айтқан. Егер ағайындылар бір-бірін таппаса, бұл оқиға орын алмас еді. Бірақ, бір-бірімен тілдесу қиынға соқты, Абылайхан (Саидамин) өзінің ана тілінде сөйлеп, өз ойын жеткізе де алмайды. Шешен қызыл әскері оған «Сәлеметсің бе, бауырым» десе, Саидамин оған «немене?» дейді. Ол тағы да «Мен Қасыммын, мен сенің немере ағаңмын!» дейді. Саидамин оған қатқыл үнмен «мен сенi бiлмеймiн» деп жауап береді. Әбден бауыр басып қалған отбасынан, әйтеуір, кететіндігін түсінген Саидамин үзілді-кесілді «ешқайда да бармаймын!» деп тұрып алды. Әкесі күтпеген қонаққа ұлымен оңаша қалдыруды сұрады. Саидаминнің бөгде адаммен кетуге қорқып тұрғанын түсінді. Арутдин оған баппен ғана ақылын айтты: «Балам, сенің өз Отаның бар, ол сені ерте ме, кеш пе шақырады, сен оны әйтеуір бір табасың. Сен қиын кездерде маған қолдау болдың. Енді менің сені ұстап қалуға хақым жоқ. Егер сен қайтып келуге ниет білдірсең, менің үйімнің есігі саған әркез айқара ашық екенін жақсы білесің. Бара бер, Алла жарылқасын!» – деді.

Ақыры, Арутдин Кулимовтың басқаларға жасаған жақсылықтарының бәрі оған жүз еселеп қайтты. Көп ұзамай ауылға сүйіншілеген жақсы жаңалық жетті. Ұлы Абылайхан келді.

Үлкен тойға барлық ауыл жиналды. 

Кейін Саидамин әкенің айтқаны келді. «Халқымызда «не ексең, соны орасың» деген даналық сөз бар. Балаңның жүрегіне нендей ақыл-нұр құясың, ол соны әрмен қарай дамытып, келешек ұрпағына жеткізеді. Менің балаларым – менің мақтанышым. Саидамин өз Отанына кетуді ұйғарған екен, ол – дұрыс, әрі солай болуы керек те. Ол қанына тартып тұр, одан ешкім ешқайда кете алмайды. Бірақ мұнда тұрған адам, әйтеуір, бір қайтып оралады, өйткені біздің жеріміз мейірбанды адамдарға бай» – деді. 

Әкенің қоштасарда айтқан сөздері көрегендік болды. Көп жылдар өткеннен кейін тағдырдың жазуымен Қарағандыға Саидаминнің балалары – он ағасы мен апа-сіңлілері, немерелері мен шөберелері көшіп келді. Бүгінде Махмудовтар ұрпағы шамамен жетпіс адамға жуықтайды. Біреулері Шешен елінде, енді біреулері Қазақстанда тұрады. 

Саидамин Махмудов Кавказда тұрса да, өзінің екінші Отаны туралы ешқашан ұмытқан емес. Жасының 76- ға толғанына қарамастан, Қарағандыдағы балаларына келіп тұрады.

 Евгения ШУЛЬЦ.