ЖАҢАРУ ЖЫЛДАРЫ

Балқаш қаласында тәуелсіздік жылдары мәдени ошақтар жаңаша сипат алып, өрісі кеңейе түсті. Орталықтандырылған кітапхана жүйесі бойынша әртүрлі үйірмелер, клубтар дүниеге келді. С.Сейфуллин атындағы орталық кітапхана жүйесінің арнайы сайт парақшасы бар. Мұнымен қоса әлеуметтік желі арқылы ақпаратттар мен фотосуреттер үнемі толықтырылады. Сондай-ақ, кітапханалық жазбаны құрайтын электрондық катологты жасау біраздан бері халыққа тұрақты түрде қызмет етуде.

Орталықтандырылған кітапхана жүйесі үнемі жаңару үстінде,- дейді Балқаш қаласы мәдениет және тілдерді дамыту мекемесінің басшысы А.Әшімжанова. — Қазіргі таңда біздің оқырмандарымыз 300 мың кітап қорын және мерзімді басылымдарды оқып, пайдалануға мүмкіндіктері бар. Орталық кітапхана жүйесінде «Компьютер әліппесін» тегін оқып үйрену курсы ұйымдастырылады. Биылдың өзінде 14 адам осы курсты оқып бітірді. Ең бастысы электронды ақпараттық жүйеге толық көшірілген кітапхана қызметінің жандануы Тәуелсіздіктің жемісі деп ұққан жөн.

Оралбек ЖҮНІСҰЛЫ

Балқаш қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.