Қарағанды

Ыждаһаттылық таныту – парыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ мәлімдемесі көптің көңіліндегі күдік пен үрейді сейілтуге сеп болары анық. Расында, қазір күрделі кезеңде өмір сүріп отырмыз. Індеттің бүкіл әлемді жаулауы қиындықты бірлесе жеңу қажеттігін көрсетеді.

Мемлекет тарапынан жасалған шараларды жұмыла қолдау – міндет. Сонда ғана біз  қиындықтарды еңсере аламыз. Әркімнің жауаптылықты сезініп, ыждаһаттылық танытуы – парыз. Ал, өз кезегінде Үкімет халықтан көмегін аянып қалмақ емес.

«Біз мемлекет және қоғам болып барша азаматтарымызға қолдау көрсетеміз, ешкімді көмексіз қалдырмаймыз. Мұқтаж адамдарға қолұшын береміз. Бұған ешқандай күмән болмауы керек. Ең бастысы, шыдамдылық, төзімділік және жауапкершілік танытайық. Біз, рухы – асқақ, бірлігі – бекем, еңсесі биік халықпыз. Сондықтан, бұл сынақтан да сүрінбей өтіп, қиындықты бірге еңсереміз деп сенемін. Басты тойларымыз әлі алда», – деді  Президент.

Бүгінгі күн – жауапкершілікті сезінер сәт. Жік-жік болмай, жұмыла күресейік індетпен.

Бақытгүл КОСИКОВА,

«Бәйтерек» балабақшасының тәрбиешісі.

Басқа материалдар

Back to top button