Саран

Қыс шанаңды, жаз сайла

Жылу беру маусымына дайындық мәселесі қашан да – өзекті. Сондықтан да, ол күн тәртібінен түспек емес. Коммуналдық қызметшілер қылышын сүйреткен қысқа әзірлікті көктемнен бастайтыны мәлім. Бірден жылу беру маусымы аяқталысымен бұл іс қолға алынады. Бүгінгі таңда Саран қаласында қысқа дайындық жоспарлы түрде, толықтай жүргізілуде. Оның ішінде, жылу беру нысандарын жөндеу және қайта жаңғырту да бар.

Коммуналдық шаруашылық, мәдениет, әлеуметтік нысандардың және көпқабатты үйлердің алдағы жылу беру маусымына дайындығы қала әкімінің міндетін атқарушы М.Қожықовтың төрағалығымен өткен кезекті кеңесте қаралды. Аталған кеңесте облыстың энергетика және ТКШ басқармасы, нысандарды жылумен жабдықтауды бақылау бөлімінің басшысы Ринат Қыдырбеков қатысты.

Кеңесте нысандардың дайындығы жан-жақты пысықталды. Қазіргі таңда нысандардың жартысы дайындық актісін алды. Қалған нысандар белгіленген мерзімде жұмыстарды аяқтауы тиіс.

2015-2016 жылғы жылу беру маусымының қорытындысы бойынша ТКШ бөлімінің диспетчерлік қызметіне сапасыз жылумен жабдықтау туралы 94 шағым келіп түскен. Бұл көрсеткіш 2014-2015 жылмен салыстырғанда төмен, өткен жылдары шағым – 258 болған. Шағымның азаюуы жылу көздеріне жүргізілген жақсы жөндеу кампаниясымен, үйлердің ішкі жылу жүйесінің талапқа сай болуымен байланысты.

Алайда, пәтерлерде санитарлық нормаға сай жылудың сәйкессіздік дерегі әлі де кездеседі. Осыған байланысты ПИК төрағаларына жалпы үйдің инженерлік желісіне қатаң бақылау жүргізу тапсырылды.

Кеңесті түйіндеген Мейрам Мұратұлы барлық басшыларды қысқы маусымға дайындық туралы актіні мезгілінде алуды қамтамасыз етуді, сондай-ақ, отынның нормативті қорын дер кезінде жеткізуді қадап айтты.

Уақыт өзі көрсеткендей, жауапкершілік жоғары және дайындық, жөндеу жұмыстарына бақылау күшті жерде қыста күрделі мәселе туындамайды және төтенше жағдай орын алмақ емес.

Екатерина ШЛОМА.

САРАН қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button