Ветеринария қызметінің сапасы – басты міндет

Қарағанды облысының агроөнеркәсіптік кешенінің, оның ішінде, мал шаруашылығының дамуы эпизоотиялық салауаттылыққа тікелей байланысты. Өз кезегінде, ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті жұқпалы аурулары орын алмайтын аумақтағы жұмыс, ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге өз өнімдерін республиканың басқа аймақтарына еркін экспорттауға және оларды шетелге шығаруға мүмкіндік береді.

Облысымызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 шілдедегі қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қарқынды жүзеге асырылуда. Бағдарламалық құжат халықаралық стандарттарға қол жеткізе отырып ветеринария саласын дамыту, сонымен қатар, мал шаруашылығы өнімдерінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді.

Ветеринариялық іс-шараларды 2012 жылдан бастап қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар (ветеринариялық станция ШЖҚ КМК) жүргізіп келеді.

2019 жылғы 18 қарашада «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді, осыған сәйкес, ветеринария саласындағы жергілікті атқарушы органдардың бақылау және қадағалау функциялары уәкілетті органға берілді. Осыған байланысты, қалалар мен аудандардың 51 штат бірлігі ветеринарлық инспекцияға өткізіледі (ОМО). Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды облыс әкімдігінің ветеринария басқармасына беру арқылы аудандар мен қалалардың ветеринария бөлімдері таратылады. Таратылатын аудандық, қалалық ветеринария бөлімдерінен ветеринария басқармасына қарасты аудан және қала деңгейінде 22 өкіл болуы қөзделуде.

Жергілікті атқарушы органның құзыретіне ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру; ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекіту; басқа мемлекеттік органдармен өзара ісқимыл және заңда көзделген өзге де функциялар кіреді.

Соның бастыларының бірі – ерекше бақылауда тұрған, жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы іс-шараларды бекітілген жоспарға сәйкес жүргізу болып табылады. Есепті кезеңде осы мақсаттарға 984,5 млн. теңге бөлінді. Бруцеллез ауруына ІҚМ 100% зерттелді, ол 658 мың басты құрады. Олардың ішінде оң нәтиже көрсеткені 4 427 бас, залалдану пайызы 0,6 құрады.

ҰММ 1 052,5 мың бас зерттелді, яғни, 100% қамтылды. Оң нәтиже көрсеткені – 89 бас (0,01%). Барлығы қайта өңдеуге тапсырылды. Ветеринарлық профилактикалық және диагностикалық іс-шаралар бекітілген жоспарға сәйкес уақытылы жүргізілді. Жыл басынан 3 648,3 мың манипуляция өткізілді (Ауыл шаруашылығы жануарларының 13 түрлі аса қауіпті ауруларына 30 түрлі диагностикалық зерттеулер (10 диагностикалық, 9 бактериологиялық және 11 вирусологиялық).

Егілгені: жануарлардың барлық түрлерінің құтыруға қарсы – 58 400 бас; сібір жарасына – 1 890 800 бас; ІҚМ қарасанына – 332 800; барлық жануарлар түрлерінің туберкулинизациясы – 265 730; жылқы малейнизациясы (маңқа)– 5 000; құс тұмауы – 502 526; нодулярлы дерматит – 550 100 бас. Жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы үшін ветеринариялық препараттарды сатып алуға облыстық бюджеттен 69,4 млн. теңге бөлініп, ІҚМ тейлериозына 15 мың доза және жылқы сақауына қарсы 111 мың доза сатып алынды. Өткен жылы 19 қолайсыз ошақ тіркелді, оның 17сі сауықтырылды, ал 2 ошақта сауықтыру шаралары жалғасуда.

Өз уақытында компьютерлік дерекқорға енгізіліп, ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру жұмыстары жалғасын табуда. Жыл басынан бірдейленгені 933 164 басты құрады: ІҚМ – 248,5 мың; ҰММ – 499,5 мың; жылқы – 85,4 мың; түйе – 305; шошқа – 99,3 мың.

Жасалған жұмыс туралы барлық ақпарат тиісті ақпараттық жүйеде қол жетімді.

Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бақылауқадағалау функциялары нәтижелері бойынша 4 222 тексеру жүргізіліп, олардың нәтижелері бойынша 297 ветеринариялық заңнама бұзушылықтары анықталды, 1919 нұсқама берілді. 186 субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5,1 млн. теңгеден астам айыппұл салынды. Ветеринарлық қызметтің қатысуымен тұрақты негізде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында бірлескен «Мал ұрлығы», «Соғым», «Нерест» және тағы басқа жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.

Осы жұмыстың аясында 2019 жылы 1 228 ауылшаруашылық жануарларын тасымалдауды бұзудың 110 фактісі тіркелді. Заң бұзушылар 2 461 966 теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ішкі сауда объектілерін бақылауға көп көңіл бөлінеді, осы нысандар орналасқан жерде 116762 ет және сүт және басқа да өнімдер (балық, жұмыртқа, бал) тексерілді.

Халықты мал союға қатысты көптеген сұрақтар толғандыруда. Қарағанды облысының аумағында 205 нысан бар: 26 сою пункттері, 168 алаң, 11 қайта өңдеу кәсіпорындары. Бүгінгі таңда 152 нысан қызмет етуде (24 сою пункттері, 122 алаң және 11 қайта өңдеу кәсіпорындары). Оның ішінде «Агрофирма Құрма» ЖШС, «Нұрқожа», ШҚ, «Апрель Құлагер» ЖШС, «Агрико-Ет» ЖШС, «К.Маркс атындағы Құсфабрикасы» ЖШС, «Майқұдық ҚФ» ЖШС, «Қазбройлер ЖШС, «Возрождение XXI век» ЖШС, «Natur-Agro» ЖШС, «Ақнар ҚФ» ЖШС, «Арай KZ» ЖШС, «Қоянды 2017» АӨК, «Алаш агро» АӨК бар.

Мал қорымдары мен инсинераторларға (жағу пештеріне) келетін болсақ, 219 ауылдық және кенттік округтерде 112 мал қорымдары бар, олардың 49-ы типтік, ал 63-і қарапайым.

Есепті кезеңде облыста «Ветстанция» ШЖҚ КМК балансындағы және жаңа нысандарды күтіп-ұстауға арналған қаржыландыру көлемі 86,1 млн. теңгені құрады (техникалық қызмет көрсетуге – 49 млн. құрылысқа – 32,4 млн., жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге – 4,6 млн.).

Бұл жұмыстың нәтижесі – Абай, Ақтоғай және Қарқаралы аудандарында төрт мал қорымдарының құрылысы болып табылады. Сонымен қатар, эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында 24 жағу пештері (био қалдықтарды жоюға арналған қондырғы), олардың 18-і тұрақты, 6-ы жылжымалы.

Жануарлар мен адамдар арасында құтыру ауруының пайда болу және таралу көздерін болдырмау үшін қаңғыбас жануарлар ұсталып, жойылуда. Аталған іс-шаралар жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша жүзеге асырылады. Өтініштер міндетті түрде тіркеуге алынады, онда аулау себептері (тістеу, негізсіз ыза /агрессия/) және тағы басқалары көрсетіледі. Егер жануар адамдар мен жануарлардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіретін (агрессивті мінез-құлық және құтыру ауруына күдік) болса, онда ол Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған препараттармен эвтаназиялауға жатады. Осы мақсаттарға 2019 жылы 59,1 млн. теңге мөлшерінде бюджеттік қаражат бөлінді. 2020 жылға қаржыландыру көлемі 69,165 мың теңге мөлшерінде белгіленген. Көптеген азаматтарды толғандыратын иттер мен мысықтарды ұстау мен серуендеуге қатысты мәселелер бүгінгі таңда қайта қарастыру сатысында.

Ағымдағы жылы басқарма аумақтағы эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған, эпизоотияға қарсы, энзоотиялық және диагностикалық шараларды уақытылы ұйымдастыру және ауылшаруашылық жануарларын бірдейлендіру жұмыстарын өз деңгейінде ұйымдастырып, жалғастыратын болады.

Қайырбек ТҰРСЫНБЕКОВ,

«Қарағанды облысының ветеринария басқармасының басшысы.