Ресми

Тың тәсілдер түсіндірілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жанындағы Antikor Ortalygy сервистік орталығында “Нормативтік-құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама” тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Сала мамандарының айтуынша, аталған семинар-тренинг белсенді азаматтарға елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүйесі саласында сарапшы болуға, заңнамаларды меңгеру мен түсінуге, қоғамдық бақылауды жүзеге асырудың тәжірибелік тетігімен танысуға көмектеседі.

– Мәселен, кез келген балабақшаға жоғарғы мемлекеттік орган тексеруге келсе, мекеме басшысы іссапарда немесе басқа да себептермен жұмыста болмаса, оның орнына өзге жауапты қызметкер тексерушілерді қабылдауы ықтимал. Ол қанша жерден сол мекеме жұмысын жақсы білсе де, басшы сияқты заң талаптарын жете түсінбеуі мүмкін. Бұл – сыбайлас жемқорлыққа алып келетін фактор, – дейді Зәуреш Қабылбекқызы.

Семинар-тренингке арнайы жасалған 39-беттік сараптама кітапшасы бойынша 4-сессиядан тұратын дәріс оқыды. Еркін форматта сұрақ-жауап түрінде өткен дәрістер қатысушылардың ынтасын оятып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар, арнайы слайдтар көрсетіліп, сараптаманың әр тәсілі жете түсіндірілді. Тәжірибелік жаттығулар да орындалды.

Жиында жемқорлыққа алып келетін түрлі жайттар мысалға келтірілді. 

Жәлел ШАЛҚАР.

Басқа материалдар

Back to top button