Жаңалықтар

Тоғызыншы адамнан коронавирус анықталды

Коронавирус жұқтырғандар саны 9 адам болды. Бұл туралы бүгін ҚР Денаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 9-ға жетті. Вирус Алматы қаласына Германиядан ұшып келген 2008 жылы туған қыз баладан табылды. Қазір Алматыда вирус жұқтырғандар саны – 7, ал – елордада – 2. Барлығы 9 адам», – деді Диас Ахметшәріп.

Еске сала кетсек бүгін сағат 13.00-де «Хабар 24» арнасында онлайн режімде Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 8-ге жеткенін хабарлаған еді.

 

Басқа материалдар

Back to top button