Жаңалықтар

Теміржолшыларға құрмет

Қарағандыдағы «Теміржолшылар» мәдениет сарайында ҚР Көлік қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтті.

Көлік қызметкерлері күні мен Астана қаласының 20 жылдығы мерекесі аясында ұйымдастырылған игі шараға теміржолшылар қауымы қатысты.

 Алқалы жиында теміржол саласының ардагерлері, үздік қызметкерлеріне құрмет көрсетілді. «ҚТЖ» ҰК АҚ, «ҚТЖ» ҰК АҚ Қарағанды магистралды желілер бөлімшесінің басшылығы Алғыс хаттармен, құрмет белгілерімен марапаттады. Теміржолшыларды Қарағанды қаласының және «Теміржолшылар» Мәдениет сарайының кәсіби ұжымдары мен артистері құттықтады. Сонымен қатар, мәдени-көпшілік ісшаралар жалғасын тапты. Мәдениет сарайы алаңында киіз үйлер тігіліп, халыққа арнайы сауда-саттық орындары мен мейрамханалар қызмет көрсетті. Балалар үшін ойын-сауық бағдарламасы да ұйымдастырылды. Мерекеге арнайы шақырылған Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестік өнерпаздары мен «Теміржолшылар» мәдениет сарайының өнер ұжымдары өнерлерін паш етті. Қ.Байжанов атындағы концерттік бірлестік өнерпаздары құйқылжытып, құбылжытып орындаған туындылары шарықтау шегіне жетті. Қалықтаған ән қалың жұрттың жүрегін толқытып, ерекше әсерге бөледі.

Спорт сүйер қауым үшін мерекелік жиын спорттық жарыспен жалғасты.

 Қарағанды қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button