Теміржол вокзалында жаңа терминалдың құрылысы басталды

Қарағанды теміржол вокзалын қалпына келтіру жұмыстары кестеге сай жүруде. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақ басшысы Ерлан Қошанов сәуір айында теміржол вокзалындағы құрылыс барысымен танысып, жөндеу жұмыстарының тым баяу жүріп жатқанын сынға алған болатын.  Кезекті тексеріс кезінде мердігер компанияның өкілдері  барлық жұмыстардың жоспар бойынша жүріп жатқанын баяндады. Қазір жаңа терминалдық құрылысы басталған.  
Қайта жөндеуден кейін вокзалдың өткізу қабілеттілігі 2,5 есеге артады. Жаңа құрылыстың арқасында ғимарат кең әрі ыңғайлы болады. Жолаушылардың қозғалысы үшін перронда жер үсті өткелдері пайда болады, онда жеделсатылар қарастырылған. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де барлық мүмкіндіктер болады.