Жаңалықтар

Тұңғыш Президент – туған жерінде

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туған жері Шамалғанға келді. Оны жерлестері үлкен сый-құрметпен қарсы алды. Елбасы өзінің осы ұядан ұшқан сәтін еске алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«1958 жылы осы Шамалғаннан шетке кетіп 20 жылдан соң Алматыға қайтып келдім. Кішкентайымнан осы жерде өстім. Ата-бабамыз Қаратаудың баурайында ағайын-туған, құда-жекжат барлығы осы Шамалғанда. Жастар әлі біле бермейді. Уақыт келгенде ауылыңа келгенде жастық шақ еске түседі. Мемлекетті аяғынан нық тұрғызу үшін қанша қиын-қыстау уақыттардан өттім. Тауда, сай-сайларда әкеммен жүргенім еске түскен кезде барлық шаршағаным ұмытылғандай болады. Сондықтан адамның кіндік кескен жері ыстық. Адам туған жерін сүю арқылы үлкен Отанын сүйіп патриот болады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 

Басқа материалдар

Back to top button