Абай

Тұрақтылық тұғыры

Жақында Абай ауданында Рухани келісім күніне орай этномәдени бірлестіктердің қатысуымен «Тіл – достық пен бейбітшілік кепілі» атты фестиваль өтті.

Ел бірлігі мен этносаралық келісімді нығайтып, мәдениетаралық үнқатысудың қазақстандық үлгісін көрсеткен шара Қазақстанды тарихи Отаны санайтын ұлттардың музыкасын, дәстүрін, тілі мен мәдениетін жаңғыртты.

Абай ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Э.Ахметжанованың айтуынша, шарада орыс, татар-башқұрт, украин, дұңған мәдени орталықтары өз ана тілдерінде өнерлерін көрсетіп, әндерді қазақ тілінде орындауларымен ерекшеленді. Шараның өтуіне мұрындық болып, белсенді атсалысқан этномәдени бірлестіктердің төрағалары лебіздерін білдірді.

 – Әрбір ұлт пен ұлыстың ана тілі – оның рухани қазынасы. Ана тілі ғасырлар бойы халықтың мәдениеті мен салт-дәстүрінен нәр ала отырып дамиды. Сондықтан, әрбір адам өзінің ана тілін жетік меңгеруі тиіс және басқа да тілдерді үйренгені абзал. Тілді үйрену арқылы рухани тұрғыда дами түседі. Қазіргі таңда елімізде этномәдени бірлестіктердің жексенбілік мектептерінде мемлекеттік тілмен қоса сол этностың ана тілі жан-жақты оқытылып келеді. Тіл үйрену мәселесі бойынша көмекші құрал ретінде пайдалануға болатын кітаптар, оқулықтар, анықтағыштар, сөздіктер көп. Сондай-ақ, интернеттегі әдеби, рухани тақырыпқа бағытталған сайттардың да көмегіне жүгінуге болады, – дейді «Русалица» этномәдени бірлестігінің төрағасы Л.Стрельцова.

Басқа материалдар

Back to top button