Жаңалықтар

Серік Сәпиев кеңес төрағалығына сайланды

Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев 2019-2020 жылдарға Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері өкілдерінің Спорт және дене шынықтыру кеңесінің төрағасы лауазымына сайланды. Бұл туралы «Қазақпарат» хабарлады.

Щучинск қаласында ТМДға мүше мемлекеттердің Дене шынықтыру және спорт саласындағы келісім қатысушыларының Дене шынықтыру және спорт жөніндегі кеңесінің отырысы өткен-ді. Кеңес алдында қатысушылар Серік Сәпиевті төрағалыққа сайлады.

Өз сөзінде Серік Сәпиев кеңес мүшелеріне өзіне артқан сенімі үшін алғыс білдіріп, жүктелген міндетті ойдағыдай атқаруға барынша күш салатынын айтты.

 Отырыс барысында кеңес мүшелері өз елдерінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мен ТМД елдерінде аталмыш салада жүзеге асырылатын мемлекеттік саясат мәселелері қарастырылды. Еліміздің спорт саласына цифрлық технологияларды енгізу мен 2021-2030 жылдарға арналған ТМД қатысушыларының Спорт және дене шынықтыру саласындағы стратегия жобасы талқыланды. Кездесу соңында ТМД қатысушы мемлекеттерінің спорт және дене шынықтыру бойынша қабылданған шешімдерінің хаттамасына қол қойылды.

Басқа материалдар

Back to top button