Қарқаралы

Сенатор – Қарқаралыда

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Серік АҚЫЛБАЙ халықтың тыныс-тіршілігі, хал-ахуалымен танысу және мемлекеттік тұрғыда қолға алынып, жүзеге асырылу үстіндегі іргелі шаралардың жай-күйін түсіндіру мақсатында Қарқаралы ауданына арнайы іссапармен келді.

 

Халық қалаулысы алғашқы кезекте аудан әкімі Халел Мақсұтов бастаған аудан активімен және ардагерлер қауымымен кездесті. Жиын барысында С.Ақылбай Сенаттың атқарып отырған жұмысына тоқтала келе, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті, ҚР Жоғары Сот Кеңесі, ҚР Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссиялардың және Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің қызметі туралы толғақты сөз қозғады. Ол сонымен қатар, халықтың бірлігіне сызат түсіріп, елді дүрліктірген оқиғаларды да айналып өтпеді. Мәселен, жалпыхалықтық маңызға ие болған жер реформасына қатысты мәселеге тоқтала келе, жеріміздің бүтіндігі мен еліміздің тыныштығы жайы Елбасының жіті назарында екендігін тілге тиек етті.

Жиынға қатысушылар сенаторға «Қарағанды-Қарқаралы» бағытындағы жолды жөндеу, спорт кешенін салу туралы және тағы да басқа көкейде жүрген сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Аудандық мәслихаттың депутаты, Егіндібұлақ селосындағы №43 орта мектептің директоры М.Адамов ұстаздар қауымын қағазбастылықтан арылту, мұғалімдердің бар зейінін тек шәкірт тәрбиесіне бағыттау мәселесін орынды қозғады.

Жұмыс сапары барысында С.Ақыл­бай Бүркітті ауылына да барып, тұрғындармен кездесті. Ауылдағы әлеуметтік нысандардың тыныс-тіршілігімен танысты.

Сағыныш ӘБІЛОВА,

ҚАРҚАРАЛЫ ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button