Бас тақырыпРесми

Саябаққа тұрғын үй салынбайды

Қарағандыдағы “Мәңлік алау” мемориалдық саябақ аумағындағы ағаштарды отап, құрылыс алаңына айналдырған кәсіпкердің әрекеті тұрғындар наразылығын туғызған еді. Әйтсе де, мәселе оң шешімін тапты. Саябаққа құрылыс салынбайды. Бұл туралы облыс әкімі Жеңіс Қасымбек өзінің “Фейсбук” парақшасында хабарлады.

“Лобода көшесінен тұрғын үй құрылысы қаланың оңтүстік-шығысындағы басқа учаскіге ауыстырылады. Әрбір кесілген ағаштың орнына бес жаңа көшет отырғызылады.
10 наурызда Қоғамдық кеңес осы аумақта саябақ инфрақұрылымын дамытудың шешімін қарастырады.
Паркте тұрғын үй құрылысы болмайды!”, – деп жазды Жеңіс Махмұдұлы.

Басқа материалдар

Back to top button