Бас тақырыпКоронавирус

Сауда орталықтары мен базарларды ашу туралы шешім қабылданды

Сауда және интеграция мен Денсаулық сақтау министрлігі «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығы қолданылу кезіңде сауда объектілерінің жұмыс істеуі туралы ұсынымды бекіту туралы» бірлескен бұйрыққа өзгерістер енгізу бойынша шешім қабылдады.

Өзгерістерге сәйкес, 2000 шаршы метрден кем емес ірі сауда объектілер (сауда, ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, гипермаркеттар, сауда үйлер, азық-түлік базарлар) санитарлық және дезинфекциялық шараларын күшейте отырып, жұмыс кестесін сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектеп барлық функцияларды толық орындаумен жұмыс істейді.

Сонымен қатар олардың ішінде орналасқан тамақ өнімдерін, дәрілік заттарды және азық-түлік емес тауарларды сататын объектілер санитарлық және дезинфекциялық шараларын күшейте отырып,  қалыпты қарапайым режимде жұмыс істейді.

Азық-түлік емес базарлардың жұмыс уақыты сағат 11:00-ден
17:00-ге дейін шектеліп, санитариялық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып жұмыс істейді.

Минимаркеттер, үй жанындағы дүкендер қалыпты режимде санитариялық және дезинфекциялық шараларды күшейте отырып жұмыс істейді.

Қоғамдық тамақтану объектілері қызметін шектеп жұмыс істейді:

– сауда объектілерінің аумағында орналасқан қызметті тек тауарды (тағамдарды, сусындарды және басқаларды) тұтынушыға дейін жеткізу арқылы өз жеткізу қызметінің немесе өзге де жеткізу қызметтерінің көмегімен жүзеге асыра алады; 

– сауда объектілерінің аумағынан тыс орналасқан сауда объектілерінің жұмыс уақытын 22.00 сағатқа дейін шектейді, ал келушілердің саны бір мезгілде 50 адамнан аспайды.

Сауда орталықтары мен базарларды ашу туралы шешім сауда және қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін азаматтарымыздың көп санын жұмыс орындарымен және кірістермен қамтамасыз етудің маңыздылығына сүйене отырып қабылданды.

Бірақ сонымен бірге, біз барлық кәсіпкерлерге санитарлық және дезинфекция шараларын күшейту жөніндегі бас дәрігердің барлық талаптарын орындаудың маңыздылығын назарға алуды өтінеміз.

Осы бұйрықта көрсетілген ұсынысдар орындалмаған кезде тиісті аумақтың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері объектілердің қызметін тоқтата тұруға дейін шаралар қолдануы мүмкін.

Бұл ұсынымдар Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратылады. Бірақ та тиісті аумақтың әкімінің шешімімен және тиісті аумақтың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен короновирустық инфекциямен ауру және таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайды ескере отыра, объектілердің қызметін тоқтата тұруға дейін қосымша шектеу іс-шаралар қабылдануы мүмкін.

Басқа материалдар

Back to top button