Жаңалықтар

«Сарыарқада» – жаңа басшы

Қарағандылық «Сарыарқа» хоккей клубының жаңа басшысы тағайындалды. Бұл міндетті кәсіби хоккейші, халықаралық санаттағы спорт шебері, халықаралық деңгейдегі додалардың, әлем чемпионаттары мен Универсиадалардың қатысушы және жүлдегері Павел ЖИТКОВ атқарады.

Павел Житков – петропавлдық «Құлагердің» бұрынғы қақпашысы. Ол 1984 жылдың 4 шілдесінде Қарағандыда дүниеге келген. «Менеджмент» мамандығы бойынша жоғары білімі бар. Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.

Павел Житков «Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен марапатталған. Соңғы жылдары «Сарыарқа» хоккей клубы жүйесінде қызмет атқарды.

Бұған дейін хоккей клубының жетекшісі болған Арғын Нығматуллин шайбалы хоккей бойынша Қазақстан Республикасы жастар құрамасының бас менеджері және шайбалы хоккейден Қазақстан Федерациясы атқарушы комитетінің мүшесі болып қалды. Әрі оның Қарағандыдағы бөлімшесін басқарады.

 Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button