Салықтан жалтару сан соқтырады

Кеше Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде салық және кеден салаларындағы құқық бұзушылықтарды тергеу басқармасының басшысы Дәулет ТАТУБАЕВ, жетекші маман-офицер Алтынбек ТӨЛЕУБАЕВ, бас маман-аға тергеуші Ержан ҚАЛИАСҚАРОВ, бас маман-аға тергеуші Тілеулес ТҮСІПБЕКОВ қатысқан салық саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша баспасөз мәслихаты өтті.

Салық саласындағы құқық бұзушылықтар мен оның салдары қоғамдық өмірдің барлық салаларын меңдеп өтеді. Ол, тіпті, экономикаға, саясатқа, әлеуметтік қарым-қатынастарға өз әсерін тигізіп қана қоймай, қоғамдық арман-мұраттарды күл-талқан етеді. Сондықтан, салық немесе өзге де міндетті төлемдерден жалтару жауапкершілігі – ҚР Қылмыстық кодексіндегі баптармен қарастырылған.

Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеулер қызметінде биылғы жылғы 6 ай көлемінде ҚР Қылмыстық кодексінің 244-ші, 245-ші баптары бойынша 69 іс қаралса, сотқа дейінгі тергеулердің ортақ реестрінде 26 іс тіркелді. Соның ішінде 6 іс аяқталды. 2 іс сотқа жіберілді, – деді Дәулет Татубаев.

Өткен жылдың 2 маусым және 23 шілде айларында «РемАгроСтрой» ЖШС-де салық пен өзге де міндетті төлемдерді бюджетке аударудың дұрыстығы мен уақытылығы бойынша тақырыптық тексеріс жүргізілді. Тексеріс қорытындысы бойынша құжаттамалық салықтық тексерістің актісі мен салықтық тексерістің қорытындысы туралы хабарлама шығарылды. Акті мен хабарламада көрсетілген тексеріс қорытындысына сәйкес «РемАгроСтрой» ЖШС-не заңды тұлғалардан корпоративтік табыс салығы бойынша 35 604 129 теңге және 1 394 901 теңге сомасына өсімақы, қосымша құн салығы ретінде 13 382 326 теңге және 1 863 741 теңге сомасына өсімақы төлем есептелді. Салыққа қосымша есептелген қаражаттың жалпы сомасы 48 986 455 теңгені және 1 863 741 теңге өсімақыны құрады. Бұл әрекет биылғы жылы 22 ақпанда сотқа дейінгі тергеулердің ортақ реестрінде ҚР Қылмыстық кодексінің 245 бабының 1 тармағы бойынша тіркелді.

Рауан ҚАБИДОЛДИН

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.