Жаңалықтар

Сайлаушылардың 77 пайызы өз таңдауын жасады

9 маусым сағат 22:00-дегі жағдай бойынша қазақстандық сайлаушылардың 77 пайызы өз таңдауын жасап, сайлау бюллетенін алды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина Нұр-Сұлтан қаласында өткен брифинг барысында мәлімдеді.

 

Қарағанды облысы аумағындағы сайлаушылардың 77,1%-ы дауыс беруге қатысқан. Аймағымызда барлығы 787 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Сайлаушылардың жалпы саны – 938 мың адам. 

Айта кету керек, қазір еліміздің 12 өңірінде (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары) дауыс беру тоқтатылды.  Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында дауыс беру Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:00-де (Батыс Қазақстан уақытымен 20:00) тоқтатылады.

Басқа материалдар

Back to top button