Сайлаушылар легі ұлғая түседі

Күні кеше ғана 70 мыңыншы тұрғыны жарық дүниенің есігін ашқан кеншілер қаласындағы 30 сайлау учаскесінде 47 740 сайлаушы тіркелген.

Түстен кейін №298 сайлау учаскесі орналасқан Абай атындағы №4 мектеп-лицейдің табалдырығын аттадым. Адам аяғы сиреп қалғандай көрінді. Аталған учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Гүлмира Жаппасованы сөзге тарттым.

— Біздің учаскеде 2023 сайлаушы бар. Сағат 15.00-ге дейін 1100 адам дауыс берді. Өндірісті қаладағы кәсіпорындардың көпшілігі ауысыммен жұмыс істейді. Сондықтан, кешкі сағат 18.00-ге қарай сайлаушылар легі ұлғая түсуі тиіс. Ең бастысы, заң бұзушылыққа жол берілген жоқ,  — деді ол.

«Теңіздің дәмін тамшыдан білуге болады» деген қанатты сөзге сүйенсек, кеншілер қаласында сайлау науқаны жартылай еңсерілді деуге толық негіз бар.

Әлібек ӘБДІРАШ.