Қарқаралы

Сайлау — 2019: Ел ықыласы ерекше

Елдегі саяси науқанға Қарқаралы қаласының жұртшылығы да белсенді атсалысуда.  Қала басында орналасқан үш сайлау учаскеде тіркелген 6499 сайлаушының 50 пайыздан астамы дауыс беріп үлгерді.

Аудан әкімі Халел Мақсұтов та отбасымен бірге №568 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

-Таң сәріден бері келіп, жұртшылық тынымсыз ағылып келуде. Ел ықыласы ерекше. Сайлаушылар саны ең көп учаске болғандықтан, тынымсыз жұмыс атқарудамыз. Қазіргі уақытта 60 пайыздан астам сайлаушы келіп, дауыс беріп үлгерді. Дауыс беру үдерісі қалыпты арнада өтіп жатыр.  Бақылаушылар да өз міндеттерін мінсіз орындауда, – дейді, №567 сайлау учаскесінің хатшысы С.Смағұлова.

Сағыныш ӘБІЛ.

Басқа материалдар

Back to top button