ЖаңалықтарҚарағанды

Құрметті Қарағанды қаласының тұрғындары!

Қарағанды облысының прокуратура органдары «Қолжетімді мектепке дейінгі білім» жобасын жүзеге асыруда.

Аталған жоба аясында Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы және Октябрь аудандық прокуратуралары проблемалық мәселелерді айқындап, оларды жою жөніндегі ұсыныстарды әзірлей отырып, балалардың кезекке тұруы мен мектепке дейінгі мекемелерге тіркелуін реттейтін қолданыстағы заңнаманың орындалуына талдау жүргізіледі.

Қазіргі таңда прокуратура тарапынан Білім туралы заңнаманың, оның ішінде, балалардың мектепке дейінгі мекемелерге тіркелуі кезінде заң талаптарының мүлтіксіз сақталуына қатысты «Қарағанды қаласының білім бөлімі» ММ, сондай-ақ, Қарағанды қаласында орналасқан мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінің іс-әрекеттеріне тексеріс жүргізу белгіленген.

Жоғарыда аталған жайтты ескере отырып, Қарағанды қаласының тұрғындарынан мек­­тепке дейінгі білім беру сала­сындағы орын алған кем­шіліктер туралы прокура­тура­ларға 79-29-41, 79-14-07 телефондары арқылы ақпарат берулерін сұраймыз.

Сонымен қатар, «Қолжетімді мектепке дейінгі білім» жобасы аясында қаланың әр тұрғынының мектепке дейінгі мекемелерде прокуратура тарапынан жүргізілетін тексерістерге қатысу мүмкіндігі бар екендігін еске саламыз.

Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданының

прокуратурасы.

Қарағанды қаласы Октябрь ауданының прокуратурасы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button