Бас тақырыпРуханият

Құрбан айт – ізгілік мейрамы

Мейірімді, рақымды Алланың атымен бастаймын!

Баршамызды қуаныш-шаттыққа бөлей­ тін, құт-берекелі, мұсылман қауымының ұлық мерекесі – Құрбан айтқа аман-есен жеткізген Алла тағалаға сансыз шүкірлер мен мақтаулар болсын! Әлемнің әр түпкі­рін мекендеген мұсылмандар бұл күні Жа­ратушы Иеміздің разылығы үшін құрбан шалып, Алланың мейірім-шапағатына бөленуге тырысады. Адам осындай ізгі ама­лы арқылы Раббысына жақындай түседі. Ал «құрбан» сөзі – «жақын болу», «жақындау» деген мағынаны білдіреді.

Бұл күні қажылыққа аттанған мұсылман бауырларымыз, отандастарымыз жүздерін Қағбаға қаратып, Арафат тауында еліміздің игілігі мен халқымыздың бірлігін тілеп, екі дүниенің бақытын сұрап, Жаратқанға жал­ барына дұға жасайды. Құрбан айтты атап өтудің мәні мен мағынасы зор. Алланы бір, пайғамбарды хақ деп білген мұсылмандар мешіттерімізде айт намазын оқып, дұға жа­ сап, бір-бірін мерекемен құттықтап, мәре-сәре болғаннан кейін құрбандық шалады. Құрбандық еті ағайын-туыс, көрші-қолаң, тұрмысы төмен отбасыларына, жетім мен жесірлерге, мүгедектерге таратылады. Осы­ лайша адамда мейірім, қамқор, кешірім, қайыр-шапағат, сабыр сынды көркем мінез қалыптасады. Бұл – ағайын арасын жа­ қындата түсетін күн. Араздасқандар тату­ ласып, өзара кешірім жасап, туысқандық байланысты күшейтуге итермелейтін ұлық мейрам. Өйткені, Алла тағала: «Сен кешірім жолын ұстан, жақсылыққа бұйыр, надандықтан бет бұр» («Ағраф» сүресі, 199-аят) деп мұсылмандарды барынша кешірімді бола түсуге шақырған.

Құрбан айт күні ағайын-туыстырды дос-жарандар мен көршілерді айтпен құттықтап, ақ дастарқан басында Алланың бұйырған ризық-несібесінен, құрбандық етінен дәм татқан абзал. Құрбан айт – отбасы құндылығын арттыратын мере­ке. Ата-анаға, Құдай қосқан жарымызға, бала-шағамызға арнайы сыйлық беру, жаңа киім әперу – мейрамының сәнін келтіріп, мәнін арттырады. Мұндайда өскелең ұрпақ Құрбан айттың қадірі мен сауабын сезініп, ізгілікке ұмтылады, мерекені асыға күтеді.

Құрбан айттың мұсылман жамағатын, ұлыстар мен ұлттарды біріктірудегі, өзара бауырмалдықты арттырудағы рөлі орасан зор. Адамдар бір-біріне: «Айт құтты бол­ сын!» десіп, аман-саулық сұрасып жатады. Бұл күні ерте тұрып, ғұсыл құйынып, хош иіс себініп, мешітте айт намазын оқу – са­уапты іс. Құрбандық етінен дәм тату, Аллаға мадақ, пайғамбарға (с.ғ.с.) салауат айту – сүннет амал. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мүбәрак мерекені жоғары деңгейде өткізу үшін бірқатар игі шаралар мен ізгі істерді жүзеге асыру ұйғарылды. Уағыздарда діни тұрақтылық пен бейбіт­шілік, халқымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайту мәселелеріне мән беріліп келеді.

Құрбан шалу айт намазынан кейін айт­тың үшінші күні ақшам намазына аз уақыт қалғанға дейін жалғасады. Егер, бұл талап орындалмаса, онда ол садақа саналады. Қой, ешкі, сиыр және түйені құрбандыққа шалуға болады. Сиыр немесе түйені жеті кісі бірігіп, ортақ шалуды шариғатымыз құптайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір ха­дисінде: «Соқырлығы анық белгілі соқыр, ауруы белгілі аурушаң, (жүре алмайтын­ дай дәрежеде) ақсақтығы белгілі болған ақсақ және (жілік майы жоқ) өте арық малдар құрбандыққа жарамайды» – деген. Сондықтан, осы ұлық мейрамда ізгі ниет­пен сауапты істер жасауға ұмтылған жөн.

Өмірзақ қажы БЕКҚОЖА,

ҚМДБ Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы.

Басқа материалдар

Back to top button