Жаңалықтар

Пришахтинскіде балалар емханасы ашылады

1 тамыздан бастап Пришахтинск тұрғындарына жаңа балалар емханасы қызмет көрсетеді.  Жобаны Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асыруда. Медициналық мекеме Луначарск көшесінде орналасқан.
Емхана бір ауысымда 500 адамды қабылдай алады. Онда ойын алаңдары мен арнайы кабинеттер қарастырылған. Сондай-ақ, сапалы қызмет көрсетуге қажетті инновациялық құралдармен жабдықталыпты. Ғимараттың дизайны да заманауи талаптарға сай безендірілген. 

Басқа материалдар

Back to top button