Басты тақырыпЖаңалықтар

Отандық тауар орталығы ашылады

Қарағанды қаласында 26 тамызда Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен «Қазақстанда жасалған» акциясы шеңберінде Отандық өнімдерді сату орталығы – тауар өндірушілерінің «УниверMAG.kz» дүкені өз есігін ашады. Бұл туралы кәсіпкерлік басқармасы сайты хабарлайды.

«УниверMAG.kz» жеңіл өнеркәсіп саласындағы қазақстандық өндірушілерді «Қазақстандықты сатып алу» акциясымен біріктіреді, ол облыстың әрбір тұрғынына отандық киімдерді қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.

Аталған алаң еліміздің барлық өңірлерінің өндірушілерінің басын қоспақ, ол тек сату орталығы ғана емес, бизнесті біріктіретін, жаңа идеялар мен жаңа өндірістердің туындайтын орталығы болады. Отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, бағалардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге, отандық өндірушілердің беделін көтеруге ықпал етеді деп болжауда.

Қызғалдақ АЙТЖАНОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button