Жаңалықтар

Қос полицейге құрмет көрсетілді

Өткен жұмада Қарағандыдағы көпқабатты үйлердің бірінде 24 жастағы қыз 9 қабаттан секірмекші болады. Оқиға орнына жедел жеткен қос полицей шапшаңдық танытып, қызды құтқарып қалады. Осы оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде кең таралып, ел ризашылықтарын білдірген. Екі полицейдің еңбегін елеген Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев бейбіт күннің батырларына құрмет көрсетті.

ІІМ-нің бұйрығымен «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен полиция лейтенанты Ерасыл Мұрат пен полиция сержанты Бекзат Омашев марапатталды.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен марапаттау салтанатына Министрлік орталық аппаратының қызметтері мен бөлініс басшылары қатысты. «Мыңдаған жас қызметкер күн сайын халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызмет етуде. Оларға әр түрлі жағдайларда жұмыс істеуге тура келеді, олар атақ үшін емес, өзінің қызметтік және азаматтық борышына сәйкес батырлық жасайды. Сіздердің батылдықтарыңыз – осының дәлелі және барлық жеке құрамға үлгі» – деп атап өтті Ерлан Тұрғымбаев.

 Ресми деректер бойынша, ІІМ қызметкерлері жыл сайын 10 мыңнан астам адамды оқыс оқиғадан аман алып қалады екен.

Қасымхан ҒАЛЫМ

Басқа материалдар

Back to top button