Қорытынды нәтиже: сайлаушылардың 77,4%-ы дауыс берді

Еліміздің барлық аймақтарындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру тоқтатылды. Р Орталық сайлау комиссиясы төрағасының мүшесі Ләззат Сүлейменнің айтуынша, тізімге енгізілген сайлаушылардың 77,4%-ы өз таңдауын жасаған.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 20:00-де елдің 12 өңірінде дауыс беру тоқтатылған болатын. Ал, 5 өңірдегі сайлау учаскелері Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:00-ге (Батыс Қазақстан уақытымен 20:00) дейін жұмыс істеді. Қазір барлық учаскелерде дауыс беру тоқтатылып, дауыстар саналуда.  

Ләззат Сүлейменнің айтуынша, сайлау аяқталып, учаскелер толық жабылғаннан  кейін 12 сағаттың ішінде комиссия мүшелері дауыстарды толық санап бітуі тиіс.