Спорт

Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

Токио Олимпиадасына лицензия ұтып алу мүмкіндігін беретін Азия және Мұхит жағалаулары елдерінің былғары қолғап шеберлері арасындағы іріктеу турнирі Амманда өтуде.

Турнирдің шешуші кезеңі ел назарын өзіне бұрып, жанкүйерлер тақымдарын қысып отыр бүгінде. Ширек финалдық жекпе-жектер басталып та кетті. 69 келі салмақ бойынша жерлесіміз Абылайхан Жүсіпов Таиланд боксшысы Вуттичай Масукпен кездесіп, жеңіске жетті.

Алаңға көтерілген тұста сәтті шабуылдарымен қарсыласын есеңгіретіп тастаған Абылайхан өзінің тәжірибелі боксшы екенін көрсете алды. Шапшаң қимылдары мен салмақты соққылары төрешілер мен көпшілікті тәнті етті. Төрешілер шешімі бойынша есеп – 5:0 (30:27, 29:28, 30:27, 30:27, 29:28).

Осылайша, Абылайхан Қазақстан Ұлттық құрамасындағы боксшылар арасында Токио Олимпиадасының лицензиясын бірінші болып иеленді.

Басқа материалдар

Back to top button