Жаңалықтар

Облыс әкімінің орынбасары ҚарМУ студенттеріне дәріс оқыды

Облыс әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың гуманитарлық мамандықтарында білім алып жатқан студенттеріне арнап дәріс оқыды. Кездесуде ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында көзделген мақсаттар студенттерге кеңінен түсіндірілді.

Студенттер алдында сөз сөйлеген Абзал Нүкенов Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында айтылған маңызды аспектілерге тоқталды. Кездесу еркін форматта өтті. Болашақ саясаттанушылар, психологтар, журналистер мен әлеуметтанушылар облыс әкімінің орынбасарына өздерін қызықтырған сауалдарын қоя алды. Талқылауда студенттер өз пікірлерін айтып, мықты мемлекет құру туралы ойларын ортаға салды.
– Біздің еліміз қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытына айналған «Қазақстан – 2050» Стратегиясы аясында дамып келеді. Ертең сіздер өз салаларыңыздың мамандары боласыздар және еліміздің дамуына үлес қосасыздар. Сондықтан, бұл стратегиялар біздің болашағымызды анықтауға көмектеседі. Сіздер, біздің жастарымыз мемлекеттің дамуы үшін қандай бағытта қозғалу керектігін түсінулеріңіз қажет. Сол кезде ғана Сіздер Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуі үшін не қажет екенін нақты білетін боласыздар, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Кездесу соңында Абзал Нүкенов университетте пікірталас алаңын – жастардың интеллектуалды клубын құруды ұсынды. Аталмыш алаңға мүдделі мемлекеттік орган қызметкерлері де шақырылуы тиіс.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі

Басқа материалдар

Back to top button